Axoft компаниясы туралы

Axoft – Ресей және ТМД елдерінің нарықтарында қызмет көрсететін сервистік IT-дистрибутор. Біз 2004 жылдан бастап IT-өндірушілерге, жүйелік интеграторларға және реселлерлерге корпоративтік пайдаланушыларын бизнес тапсырмаларын ең жақсы жолмен шешетін IT-шешімдермен және сервистермен қамтамасыз етуге көмектесіп келеміз. Axoft портфелінде SaaS- және IaaS-шешімдері, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері, инфрақұрылымдық, кеңсе мен ғылыми бағдарламалық жасақтама, сондай-ақ, оқыту, консалтинг, маркетингтік, қаржылық және техникалық қолдау сияқты ілеспе серіктестік қызметтері берілген.


2016 жылдың қорытындысы бойынша компанияның айналымы 18,5%-ға өсіп, 6,7 млрд. рубльге жетті. Компания дүние жүзіндегі 9 елдің 28 қаласында қызмет көрсетеді: Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия. Axoft компаниясымен жұмыс істеудің артықшылығын әлдеқашан IT-нарығының шамамен 6000 компания-қатысушысы бағалады: бағдарламалық жасақтама реселлерлері мен жүйелік интеграторлар, бағдарламалық шешімдерді әзірлеушілер, интернет-дүкендер мен консалтингтік компаниялар.


Біз 1000-нан астам әлемдік бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралды өндірушілердің ресми дистрибуторы болып табыламыз: Microsoft (CPS), «Касперский зертханасы», Hewlett Packard Enterprise, Red Hat, Palo Alto Networks және тағы басқалары. Біздің портфелімізге кіретін IT-шешімдері мен сервистері құны мен функционалдығы тұрғысынан EPG –секторы қалай болса, SMB-секторының да солай, талаптарына сай келеді.


Axoft бизнесті ұзақ мерзімді серіктестік негізінде құрады, осының арқасында жыл сайын CRN/RE және @Astera ең жақсы ТОП-5 IT-дистрибуторлары рейтингіне кіреді. 2016 жылы CRN/RE рейтінгіндегі «Икемділік және серіктестерге жеке тәсілдеме» номинациясында №1 дистрибутор деп танылды. Axoft жыл сайын сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетінін растайды.


Компания туралы толығырақ ақпаратты www.axoft.ru корпоративтік сайтынан алуға болады.